Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

05.03.2018

«Қиял ұшқыны мен

қолдар туындысы» жас

 шеберлер көрмесі

 

       Наурыздың 3-і Зеренді мәдениет үйінде

«Қиял ұшқыны мен қолдар туындысы» атты аудандық сәндік-қолданбалы өнері жас шеберлерінің

көрмесі өтті. Көрменің мақсаты — заман талыбына сай, аудандық мектеп

оқушыларының қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды халыққа таныстырып кеңінен

насихаттау. Бұл көрме аудандық білім бөлімінің ұсынуымен және «Балалар

шығармашылық үйі» директоры басшылығымен ұйымдастырылды.

Сәндік қолданбалы

қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас

ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық

рухани мұраларын терең түсніп, оны бағалай білуге тәрбиелейді Бұл іс-шара Қазақстан

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани

жаңғыру» атты мақаласындағы тапсырмаларды жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.

Көрмеге қатысушылар

жас суретшілер мен қолөнерші шеберлер – кестелеу, тоқу, тері, ағаш, металл

өңдеу техникаларында өздерінің шығармашылық жұмыстарын  ұсынып отыр.

      Жас шебершілердің металдан өрнектеліп

жасалған зергерлік бұйымдары таңқаларлық әдемі, олар филигрань техникасында

орындалған, киіз өңдеу авторлық жұмыстары ұлттық нақышқа толы. Ағаш өңдеудегі

дәстүрлі көркемдік әдістер ағаштан, мүйізден, сүйектен бұйымдар жасау Садовое

орта мектебінің оқушылары жетекшісі Пархоменко Г.В. және Симферопль

оқушыларының  жетекшісі Сергенов К.К.жұмыстарында

көрсетілген. Айдабол орта мектебінің балаларының  жетекшісі Бехгольд М.А.киіз өңдеу, кестелеу және

коллаждар ерекше көзге тартымды болды.Шағалалы орта мектебінің оқушылары

Туребекова Бағдат Усимжановна жетекшілігімен таза маталарды өрнектеуден

жұмыстары қойылды. Исаковка мектебінің оқушылары темірден көлемді бұйымдар, қағаздан

жасалған көлік түрлері жетекшісі Конкин Ю.В.; Сердалина

С.Б.бисермен жұмыс және тоқыма тоқудан да бұйымдары жетерлік. Ақадыр

балаларының жетекшісі Малик Армангүл киіз бен фетрден жұмыстары өзгешелігімен

танылды.

Көрме қарапайым

нәрселерден ғажайып туындыларды көруге жол ашады, ең бастысы, өзіндік 

ынта-ықыласты тудырады

Көрмеге 26 мектептен оқушылар қатысты. Әділқазылар алқасы

құрамында: Доскарина А.М.- аудандық білім бөлімінің әдіскері, Сейдахметов Б.А.-

БШҮ директоры, Акпаева Г.К. -БШҮ педагогы көрме қорытындысын шығарды.

І орынды Ақадыр, Айдабол, Шағалалы  ОМ, БШҮ оқушылары;

ІІ орынды Приречный,Садовый, Қызылсая, Красный Кардон

мектептерінің оқушылары;

ІІІ орынды Ортағаш,Исаков,Симферополь, Жылымды, Қошқарбай

мектеп оқушылары иеленді.

Көрме-байқаудың екінші бөлімінде келесіпедагогтар: Туребекова Б.У., Акпаева Г.К., Искакова С.А., Малик Армангуль  мастер-кластар өткізді.

БШҮ педагогы Мухамеджанова

Г.Е.

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст