Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» акциясы

07.09.2020

"Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз"
                                                                                                                        Әли (р.а.)

       «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, ауданымызда халықпен бірге ашылған «Мейірім» қайырымдылық қоры осы жолы «Мектепке жол»  акциясын ұйымдастырып, қамқорлыққа мұқтаж балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсынып, қолдан келгенше халыққа қызмет көрсетуде. Сауабы мол іс әрбір адамның азаматтық парызы дегендей, осы ретте де акцияға  ат салысып, демеуші боламыз деген ақ ниетті жандардың қатары біршамаға толысты. Атап айтқанда: ИП «Жангалова» - «Элина» дүкені, ИП «Секенова» - Секенова Жаңыл - көпбалалы ана, ИП «Муханжарова» - «Тамаша» кафесі, ИП «Ерасыл» - Бимендин Дархан, зейнеткерлер – М.Ғабдуллин ауылының тұрғыны Айтжан апай, облыстық білім беру басқармасының бас маманы Айнаш Сергалиевна, Зеренді ауылының тұрғыны – Балқыз апай, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы – Малғаждаров Ержан Бағдатұлы, Балалар шығармашылық үйінің ұжымы –директор: Сейдахметов Бахытбек Айдарбекұлы...т.б жомарт жандарға Алланың нұры жаусын!!!

      Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

      Егер де сіз де қайырымдылыққа өз үлесіңізді қосқыңыз келсе редакцияға хабарласуға болады.

 

 

Г.Ж.Бектурганова

 Балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру мұғалімі,

 «Мейірім» қайырымдылық қорының ұйымдвстырушысы: 

Просмотров: 314


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст