10 қыркүйек 2020 жылы «Рухани жағыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Бояулар құпиясы» жас суретшілердің облыстық байқауы өтті. Зеренді ауданынан Ақкөл орта мектеп базасындағы балалар шығармашылық үйінің «Сиқырлы бояулар» үйірмесінін тәрбиеленушілері Аубакирова Назира және Башарова Фариза «Коллаж» номинациясы бойынша қатысты. (Жетекшісі: Житниковская Т.В.) Және де «Әлем жастар көзімен» үйірмесінін тәрбиеленушісі Кайдар Нұрислам "Бояулар құпиясы" номинациясы бойынша қатысты. (Жетекшісі: Журсунов М. Б.) Байқауға қатысушылар ұзақтығы 1,5-тан 3 сағатқа дейін бейнефильм дайындады, онда таңдалған номинация бойынша біртіндеп композиция салды.
«Сиқырлы бояулар» үйірмесінін тәрбиеленушісі Аубакирова Назира 1 орынды иеленіп, Республикалық байқауға жолдама алды.
Назираға Республикалық кезеңде сәттілік, ал қатысушыларға үлкен рахмет!!!