Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

V аудандық "Бала би" шешендік өнер сайысы

27.11.2020

            2020 жылы қарашаның 20-сы мен 24-ті аралығында Балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенткүніне орай V аудандық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті.

            Бұл сайыстың өзектілігі – қазіргі таңда оқушыларымыз батыстың әндері мен киноларын көріп өскендіктен және басқа да факторлардың әсерінен таза әдеби қазақ тілінде сөйлеуге қиналады. Күнделікті теледидардан немесе қоғамдық орындарда әліпбидің қазақы әріптерін бұрмалап сөйлейтін адамдардың да cаны аз емес. Осы орайда «Бала би» шешендік өнер сайысының өткізілуі қоғамдық қажеттіліктен туындап отыр.

          Байқаудың мақсаты – ұлттық рух арқылы қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеу.

      Осы сайысқа Зеренді ауданының мектеп оқушылары  ұлттық нақыштағы арнайы киімдерде өздерінің қойылымдарын ортаға салды.

       Әділ қазылар шешімі бойынша 1 орынды Ақадыр орта мектебінің "Сөз мәйегі" тобы ұтып алса, 2-орынды Абай орта мектебінің тобыиеленді, 3-орынды Ортақ орта мектебі  және М.Ғабдуллин атындағы ЖББОМГ командалары жеңіп алды.

        Жеңімпаздар "Сөз мәйегі" командасы (жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл) облыстық "Бала би" сайысында Зеренді ауданының намысын қорғайтын болады.

       Сіздерге сәттілік тілейміз!

 

Просмотров: 239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст