«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында мектеп оқушылары арасындаБалалар шығармашылық үйінің ұйымдастырылуымен «Үздік Ұланбасы – 2020» атты аудандық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық, интеллектуалдық деңгейін көтеру және талантты балаларды анықтап, марапаттау арқылы ынталандыру болып табылады.
Байқау «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі!» тақырыбында, төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
- Таныстыру (1 минутқа дейін);
- Аудан/ қаладағы «Жас Ұлан» ББЖҰ дамытуға бағытталған өзінің ұсынатын бағдарламасы (3 минутқа дейін);
-Арнайы номинация «Көрермендер көзайымы», бұл номинацияда қатысушылар өздерінің болашақта облыс ұланбасысы атанса, жоспарланған жұмыс жайлы видеоны инстаграм парақшасына салынып, лайк саны бойыншаанықталады;
- Брифинг (Сұрақ-жауап).
Көп лайк пен оң коментарийлерге ие болған қатысушы жеңімпаз атанып, біздің ауданымызды облыстық кезеңде қорғайтын болады.
Сонымен, байқаудың қорытындысы бойынша:
Бас жүлде - Ержанат Беқарыс.
1 орын- Оразбекова Ялана.
2 орын - Савит Нұрсулу.
3 орын -Болат Диас, Заңғар Нысаналы.
Бас жүлде иегері Ержанат Беқарыс облыстық байқауға қатысып, аудынымызды қорғайтын болады.
Беқарысқа сәттілік тілейміз!!!!
Балалар шығармашылық үйі