Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

09.04.2018

Сұлулық жақсылық сыйлайды,

Сұлулық зұлымдықты жеңеді.

Сұлулық – тіршілік мәні,

Сұлулық – сырлардың биігі. 

 Сан жылдар бойы осы сұлулық әлемінің

сырын ұғуға, жұмбағын шешуге ұмтылған, оған бас иіп, оны биікке көтерген. 

         2018 жылының наурыздың 29-жұлдызында «Балалар шығармашылық үйінің» ұжымының ұйымдастыруымен, 8-9 жастағы қыздар арасында «КӨКТЕМ ЕРКЕСІ» атты аудандық сайыс өтті. Мақсаты: жас дарынды іріктеу, анықтау; баланың бойындағы шығармашылық өнерін, сөйлеу мәнерін, көшбасшылық қабілетін дамыту.

       Аталмыш іс-шараға мектепішілік «Көктем еркесі»  сайысының жеңімпаздары, ең әдемі, талапты,

шығармашыл және өз жерінің намысын қорғауға 14 ару қатысты.

       Сұлу қыздарымыз кезең бойында бақтарын сынасты. Бірінші кезең: «Таныстыруда»

оқушылар сөз шеберліктері мен сөйлеу мәдениеті жағынан сыналса, екінші

кезеңде оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Мың бұралып би билеп, шырқатып

ән салды, гимнастикалық икемін көрсетіп, әділ қазыларды таң қалдырды. Үшінші «Дефиле» атты кезеңінде  аруларымыз ерекше заттардан тігілген

көйлектерін киіп, сахна төрінде жүріп, көрермендерді өздеріне қарата білді.

      Қатысушылардың өнерін әділ-қазы алқалары:

аудандық білім бөлімінің әдіскері Пономаренко Наталья Васильевна, «Балалар

шығармашылық үйінің директоры Сейдахметов Бахытбек Айдарбекович, вокал тобының

жетекшісі Сағындықова Роза Бағлановна, хореограф Кенех Людмила Александровна

әділ бағаларын беруге тырысты.

 Сайыстың тартысты кезеңдерде жарысып, бірінен-бірі өткен

аруларымыз өнерлерін ортаға салды. Барлық 14 қатысушы да өнерлі, ақылды. Ортаға суырылып шыққан Бірлестік орта мектебінің оқушысы Садетхан Ақсұңқар «Көктем аруы» атағын жеңіп алса, Алексеевка орта мектебінің оқушысы 

Суханова Наталья жүлделі  1-орынды қанжығасына байлады. 2-орынды Шағалалы орта

мектебінің оқушысы Закер Аяулым,  3-орынды Молодежный орта мектебінің

оқушысы Жұмаділ Мадина иеленді. Қалған сұлуларымыз «Шығармашыл

ару», «Сымбатты ару», «Инабатты ару», «Ақылды ару», «Сүйкімді ару»

номинациялары бойынша марапатталды. 

      Барлық қатысқан оқушыларға және олардың

жетекшілеріне  көп-көп рахмет айтамыз.

БШҮ

қосымша білім беру педагогы  

Мухамеджанова

Гульнар Ермухамбетовна.

 

 

 

 

Просмотров: 374

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст