Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының  "БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ"  Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "ЦЕНТР ДЕТСКО-ЮНОШЕСКОГО ТВОРЧЕСТВА" села Зеренда при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жастардың тіл тазалығын сақтауға бағытталған ұтымды әрі инновациялық іс-шаралар кешені» тақырыбында ашық сабақ, жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл

14.02.2022

Сабақ тақырыбы: «Жастардың тіл тазалығын сақтауға бағытталған ұтымды әрі инновациялық іс-шаралар кешені»

 Мақсаты:
 
Ұлттық рух арқылы қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді, мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін білімді, патриот  азаматтарын тәрбиелеу.

Міндеттері:
-оқушылардың сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

-тез шешім қабылдауға үйрету; ел алдында өз ойын жасқанбай жеткізуге үйрету;

- тәрбиеленушілерді ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, халқына, тіліне деген сүйіспеншілікке баулу және шығармашылыққа бейімдеу;

-шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы ақыл-ой, таным белсенділіктерін таныту.

Сабақтың түрі :                                Тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер, слайд,        

                                                              бейнежазба, нақыл сөздер жинағы

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет, тарих

Сабақтың барысы :                                  

а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б)Практикалық сабақ:

Оқушыларды оң қанат және сол қанатқа бөлу. Бала би сайысының ережесімен таныстыру.

1-айналым. «Қоржын»

2-айналым. «Жыраулар жырлайды»

3-айналым. «Ұлылар сөзі»

4-айналым. «Таразы»

1-айналым. «Қоржын»

Қатысушы амандасады және осы ойынның негізгі тақырыбы жайлы ой қозғайды, талдайды, пікір білдіреді. «Қоржын» кезеңінің құрылымы:

  1. «Сәлем-сөздің атасы»
  2. Мәйек(тақырып)
  3. Көрік қыздыру
  4. Сыр сандық(анықтама)
  5. Ұтқыр сөз (қалыптасқан жағдай)
  6. Қара сөз
  7. Дәйек сөз
  8. Дәйек тірегі

2-айналым. «Жыраулар жырлайды»

Жырау екі-үш шумақтан тұратын жыр арқылы өз тобының артықшылығын, мықтылығын дәлелдейді.

3-айналым. «Ұлылар сөзі»

 Би шешендердің нақыл сөздерінен 3 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап берген топқа сәуле беріледі. Бұл айналымға ортақ 10 сәуле.

СҰРАҚТАР:

1.Әз Жәнібек қасында  Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып, тазы жүгіртіп, сайрандап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне: Томағаларын сыпырып, кұстарыңды қоя беріңдер! — дейді. Жігіттер дабыл қағып, кұстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап жорғалап барып, аспанға көтеріліп кетеді. Осы бір сөтті пайдаланған хан, Жиреншені тағы бір сынамақ болады. — Жиреншем, әлгіде бір аяғымен тұрған қаздар, екі аяқтап жорғалап кетті ғой, бұл қалай?

Сұрақ:

Жиреншенің берген жауабы қандай?
Жауап:

Сонда Жиренше саспапты:

— Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! — депті.

2. Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

— Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?

— Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.

— Інгенді тұсап қойсаң етті?

— Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.

Сұрақ:

Баланың жалғыз інгенім бар еді дегені кім?

Жауап:

Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

— Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, — дейді ел аңызы.

3. Әз Жәнібектің алпыс биі болған екен. Бір жолы хан билеріне: «Дүниеде не өлмейді?» — деп сұрақ қойғанда, алпыс биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,
Асқар тау өлмейді,
Аспанда ай мен күн өлмейді,
Әлемде қара жер өлмейді.

Сұрақ: Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып берген жауабы?

Жауап:

Ағын судың өлгені,
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені,
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені,
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.

4-айналым. «Таразы»

 Бұл айналымда екі қанаттаң уәзірлері шығып, берілен уақыт аралығында жалпы ойынға таразы жасайды.

Қорытынды. Сабақ соңында сайыс барысын қорытындылап, жеңген топты анықтау.

Үй тапсырмасы: Жиренше шешен нақыл сөзін оқу.

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст